Осы жолы Каспий маңы елдері конгресі өзінің белгіленген шекарасынан шығып, Ақтауда өткен бірінші халықаралық эндохирургиялық форумға Ресей, Украина, Италия, Франциядан келген профессорлар мен докторлар жиналды. Президенттік клиниканың гинеколог-хирургы Башарова Гульбарамның айтуы бойынша, әлемдік медицинада танымал тұлғалар да болған. ҚР ПІБ Медициналық орталығы ауруханасының докторлары Насрулла Шаназаров пен Гульбарам Башарова да халықаралық конгреске қатысты. Оралғаннан кейін дәрігер өткен форумның практикалық пайдасы және аты аңызға айналған тұлғамен кездесуі жайлы баяндады.
Гульбарам Башарова, Президенттік клиниканың гинекологы:
Конгреске әлемдік онкология, жалпы хирургия және гинекологиядағы көптеген танымал адамдар жиналды. Қатысушылар мен баяндамашылардың арасында Франциядан келген профессор – атақты акушер-гинеколог Реваз Бочорашвили, Ресейден Радзинский, Берлев, Галямов, Царьков, Карачун, Пучков сияқты профессорлар, Украинадан - профессор Байдо және Бакуден келген докторлар болды. Мұндай мамандармен кездесу және олардың онкология, хирургия және гинекологияға қатысты көптеген сұрақтар бойынша сарапшылық ойларын есту керемет мүмкіндік болды.
Сондай-ақ, конгресте «тірі хирургия» да болды: дәрігерлер операция жасады. Мұндай шеберлік сыныптар шынайы мысалдар арқылы үйренуге мүмкіндік берді.
Осы біріккен форумның практикадағы маңызы қандай? Біз гинекология бойынша операция жасап жатқанда, онкологияны анықтау жағдайларын жиі кездестіріп жатамыз. Бұл жағдайларда біз қайткен күнде де операцияны аяқтауымыз керек, сол себепті бізге әрі қарай қалай әрекет етуді білу қажет. Конгресте баяндама жасаған онкология саласындағы танымал практиктердің берген білімі осы жағдайларда өте пайдалы іске аспақ.
Мен де баяндама жасадым: біздің Ауруханада жасалатын операциялар, санын және операциялардан кейінгі асқынулардың пайыздық көрсеткіші туралы айтып бердім. Айта кету керек, мұндай жағдайлар бізде едәуір төмен, жасалатын операциялардың жалпы санынан 0,2 – 0,3% деңгейінде ғана. Әрине, біз бір жыл бұрын Президенттік клиникаға енгізген роботтандырылған хирургия туралы да сөз қозғалды. Әріптестеріміз, біздің гинекологиялық операциялар жасауда ілгерілеп кеткенімізге тіпті таң қалды. Мұны есту біз үшін өте қуанарлық жағдай болды.
Конгресс аясында гистероскопия бойынша дайындық курсы өтті. Оны гистероскопияның бастауында тұрған, әлемдік медицинада аты аңызға айналған профессор, Италиядан келген Стефано Битоки оқыды.
Қазіргі кезде біз Ауруханада жатыр қуысының ауытқуларына зерттеу жүргіземіз. Алайда, доктор осы жолы айтарлықтай тиімді нәтиже алу үшін манипуляцияны дұрыс жасау жолдары, әсіресе жас әйелдерге циклдің тиімді күні сияқты өзінің «фишкаларын» көрсетті. Профессордың өткізген шеберлік сыныбына 40 доктор қатысты. Каспий маңы елдері бірінші пәнаралық эндохирургиялық конгресінің күндері осындай жемісті болды».