Басты бетБИЫЛҒЫ ЖЫЛЫ ҚАЗАҚСТАНҒА ЕКІ МЫҢ ТӨРТ ЖҮЗДЕН АСА МЕДИЦИНАЛЫҚ ТУРИСТ КЕЛГЕН

БИЫЛҒЫ ЖЫЛЫ ҚАЗАҚСТАНҒА ЕКІ МЫҢ ТӨРТ ЖҮЗДЕН АСА МЕДИЦИНАЛЫҚ ТУРИСТ КЕЛГЕН

БИЫЛҒЫ ЖЫЛЫ ҚАЗАҚСТАНҒА ЕКІ МЫҢ ТӨРТ ЖҮЗДЕН АСА МЕДИЦИНАЛЫҚ ТУРИСТ КЕЛГЕН
72312546_1202584189950792_1011483631639592960_o.jpg

Бұл сан қалалық туризм бойынша UNWTO сегізінші Жаһандық саммитінде айтылды. Медициналық туризмге жеке сессия арналды: әңгіме тек шетелдерден келетін қонақтарды тарту ғана емес, сондай-ақ еліміздің алдыңғы қатарлы отандық медициналық ұйымдарын Қазақстан азаматтары арасында танымал ету туралы сөз қозғалды. Мұндай мекемелердің қатарында –Президенттік клиника да бар. Сессияда біздің Ауруханадағы медициналық туризмнің мүмкіндіктері мен перспективалары туралы директордың ғылым және даму стратегиясы жөніндегі орынбасары Насрулла Шаназаров айтып берді. Панельдік пікірталас қонақтарының арасында UNWTO өкілі Сандра Карваро және Денсаулық сақтау вице-министрі Камалжан Надыров та болды.

72245307_1202584179950793_8263906072691998720_o.jpg

Осы жылы біздің Ауруханаға алпыс тоғыз медициналық турист, яғни Қазақстанға емделуге әдейі келген шет елдерден келген пациенттер келді. Олардың ішінде бізге Ресей, БАӘ, Украина, Өзбекстан, Ұлыбритания және Қырғызстан азаматтары жүгінген. Сонымен қатар, биылғы жылы шетелдік пациенттердің географиясы Германия, Иордания, Әзірбайжан, Армения, Оман, Финляндия, Қытай, АҚШ, Израиль, Хорватия, Колумбия, Бельгия, Литва және Сауд Аравиясына дейін кеңейді.

Егер ішкі медициналық туризм туралы айтатын болсақ, соңғы жылы біздің ауруханада 2444 пациент емделді, олар бізге бүкіл Қазақстаннан, әсіресе Қостанай, Қарағанды және Ақмола облыстарынан келді.

71770080_1202584173284127_4358407343101181952_o.jpg

Дегенмен, статистиканың өзі емес, күрес, рухтың күші мен жеңістер туралы цифрдағы тарих маңызды. Ол туралы біздің сайтымызда және Фейсбук пен Инстаграмдағы беттерде біздің оқырмандарымызға айтып береміз. Олар туралы сілтемелерді басу арқылы дәл қазір оқи аласыз:


ШВЕЙЦАРИЯДАН КЕЛГЕН СТЭФАНО РАЙМОНДИ-ГУРМАННЫҢ ТАРИХЫ
/ru/news/6659

МАХФУДА АЛЬ-АМРИ: ТІЗЕ БУЫНЫН ЕМДЕГЕН ОМАННАН КЕЛГЕН ПАЦИЕНТ

/ru/news/6396

КЫМБАТ УСЕНОВНА – ТАЯҚШАСЫ БАР ДИРИЖЕР
/ru/news/0/6625

ФОТОДИНАМИКАЛЫҚ ТЕРАПИЯ – ХАСАН АХАНОВИЧТІҢ СОҢҒЫ ҮМІТІ /ru/news/0/6070