Басты бетПРЕЗИДЕНТТІК КЛИНИКАНЫҢ ДОКТОРЛАРЫ АРТРОСКОПИЯНЫҢ КӨМЕГІМЕН ТІЗЕ ЖАРАҚАТЫН ТІЛУСІЗ ЕМДЕЙДІ

ПРЕЗИДЕНТТІК КЛИНИКАНЫҢ ДОКТОРЛАРЫ АРТРОСКОПИЯНЫҢ КӨМЕГІМЕН ТІЗЕ ЖАРАҚАТЫН ТІЛУСІЗ ЕМДЕЙДІ

ПРЕЗИДЕНТТІК КЛИНИКАНЫҢ ДОКТОРЛАРЫ АРТРОСКОПИЯНЫҢ КӨМЕГІМЕН ТІЗЕ ЖАРАҚАТЫН ТІЛУСІЗ ЕМДЕЙДІ
Хирургтың манипуляцияны ұзындығы бар болғаны 5 миллиметр екі тіліктің көмегімен орындайтын операциясын көзіңізге елестете аласыз ба? Бүгінгі таңда медицина емдеу және диагностика саласындағы шекараларын кеңейтіп қана қоймай, сонда-ақ әдемі жасауға тырысуда: белгілі бір манипуляцияларды жасау кезінде пациенттің денесінде із де, тыртық та қалмайды, ал қалпына келу айтарлықтай жылдам жүреді. Мұндай операциялар кәсіби тілде «шағын инвазиялық» деп те аталады. Бүгінгі таңда олар хирургияның көптеген саласында, оның ішінде ортопедия мен травматологияда да орындалып жүр.

Артроскопия туралы материалдар тізбегінде ҚР ПІБ МОА травматолог-ортопеді Асқар Баймұхаметов, буындарға жасалатын шағын инвазиялық операциялардың аурухана пациенттерінің жылдам қалпына келуіне және белсенді өмірлеріне оралуына қалай көмектесетіндігі туралы таныстырады.

БЕЙНЕКАМЕРАНЫҢ КӨМЕГІМЕН ОРЫНДАЛАТЫН ОПЕРАЦИЯ

Тізе буыны артроскопиясы – бұл тізеге ұзындығы жарты сантриметр тесік жасау арқылы орындалатын ерекше операция. Тізе буынына бейнекамера енгізіледі (артроскоп), бұл докторларға тізе буынының барлық бөлімдерін көруге мүмкіндік береді.

 «Артро» - буын, скопия – қарау дегенді білдіреді, яғни манипуляцияны «буынды бейнекамераның көмегімен қарау» деп тікелей аударуға да болады.


 

ТАРИХЫНЫҢ БАСТАУЫ

 

20-ғасырда зақымдалған менискіге операция жасау үшін хирург-ортопедтерге тізе буынын шамамен 20 см тіліп, оны тұтас ашуға тура келген, осылайша олар менискіге кіре алған.  Тілікті кішкене жасаған жағдайда бірнәрсені көру және істеу қиынға соққан. Тізенің айқыш байламдарына немесе шеміршек тіндерін пластикалау кезінде де осылай болады. Артроскопияның пайда болуымен, біз екі кішкене тесік жасау арқылы зақымдалған тізе буынын емдеу мүмкіндігіне ие болдық. Мұндай операция ең алдымен пациенттің жылдам қалпына келуіне көмектеседі: ол келесі күні-ақ тұра алады, қозғала алады және операциядан кейін бір аптадан соң жұмысқа шыға алады. Жылдам қалпына келу, әсіресе спортсмендер үшін өте маңызды: артроскопия олардың барынша жылдам қатарға қосылуына көмектеседі.


ЕМДЕУ

 

Тізе буынының жарақаты – буын зақымдарының, әсіресе спортсмендердің буындарды зақымдауының жиі кездесетін себептерінің бірі. Біздің Ауруханада дененің осы бөлігінің аурулары және жарақаттары туындаған кездегі қызметтің толық спектрі көрсетіледі.

 

Біз артроскопияның көмегімен зақымдалған менискіні тігеміз немесе алып тастаймыз, тізе буынының дұрыс жұмыс істеуіне кедергі келтіретін буынішілік еркін денелерді аламыз.


Сондай-ақ, пластика (реконструкция) жасаймыз және тізе буынының байламдарының ажырауын, сіңірдің зақымдануын емдейміз, буынды жуамыз, және осылайша қабынуды басамыз. Осы манипуляцияның көмегімен біз буынды барынша сақтап қалуға және оны протездеуді кейінге шегеру үшін барлық шараларды қолдануға тырысамыз.

 

Айта кету керек, артроскопия көбінесе жас кезде жасалады, эндопротездеуді біз 60-тан асқан пациенттерге жасаймыз. Әдетте, бұл жаста тізе буыны құрылымы толық ауыстыруды қажет етеді (бұл кезде де әр жағдай түрлі қарастыралады).


ОҢАЛТУ

Біздің Ауруханада пациентке емдеуді ғана емес, сондай-ақ операциядан кейін оның қалыпты өмірге тезірек оралуын және манипуляциядан жақсы нәтиже алуды ұсынамыз. Бұл үшін біздің бөлімше (травматология, ортопедия және көз микрохирургиясы) Президенттік клиниканың Қалпына келтіру емі және оңалту орталығымен тығыз жұмыс істейді, ол жерде біздің пациенттеріміз физиотерапевтердің, емдік дене шынықтыру дәрігерлерінің қызметтеріне жүгіне алады, сондай-ақ Ауруханадан шықпай, қалалық сауықтыру кешенінде қалпына келтіру емшараларын қабылдау мүмкіндігіне ие болады. Осылайша, біз тек операцияны сапалы жасап қана қоймай, сондай-ақ пациенттің аяғына жылдам тұрып кетуі үшін  кешенді қалпына келтіру қызметін ұсынамыз.


БАҒА МӘСЕЛЕСІ

Президенттік клиникада тізе буыны артроскопиясының құны 150 мың теңгеден басталады.

 

АНЫҚТАМА: Президенттік клиниканың хирургиялық бөлімшесі – травматология, ортопедия және көз микрохирургиясы пациенттерге он бір бағыт бойынша қызмет көрсетеді:

- тізе буынын артроскопиялық тексеру;

- артроскопиялық емдеу: менискілердің, тізенің айқыш байламдарының жарақаты, карпаль каналы синдромын емдеу;

- иық буынының ойнамалы шығуы кезінде иықты,  буын сіңірінің жарақаты, тізе буынын деформацияға ұшырататын артроз, тізетобықтың тұрақсыздығы (буынның таюы) кезінде артроскопиялық тұрақтандыру;

- ахилов сіңірінің үзілуін емдеу;

- аяқтарды ұзарту және аяқтың қисықтығын түзету;

- аяқтағы бірінші саусақтың вальгустық деформациясын емдеу (үлкен саусақтағы «сүйек», «түйін»);

- жоғары, төменгі аяқ-қолдардың сынығын, бұғананың сынығын/шығып кетуін емдеу;

- метал құрастырылымдарын алу;

- тобықбуын артродезі;

- қол жарақатының салдарын емдеу.

 

Аурухананың жетекші докторлары барлық тексерулер мен емдерді медицина индустриясының компаниялары мен өндірушілері мойындаған заманауи құрылғыларда орындайды.

 

Барлық тілек білдірушілер Президенттік клиниканың травматолог-ортопедтеріне жазыла алады және олардан кеңес ала алады. Қабылдау сағаттары мен құны тұралы толығырақ келесі сілтемеден біле аласыздар: /ru/news/announcements/6671