Басты бетТанысып қойыңыздар, әлемдік кардиологияда аты аңызға айналған профессор Джузепе Бругада!

Танысып қойыңыздар, әлемдік кардиологияда аты аңызға айналған профессор Джузепе Бругада!

Танысып қойыңыздар, әлемдік кардиологияда аты аңызға айналған профессор Джузепе Бругада!

Профессор Джузепе Бругада, легенда мировой кардиологии!.jpg

Ол жастардың кенеттен өліп кету жағдайларына байланысты өз зерттеулерінің нәтижелерін 1992 жылы жариялаған ағайынды үш Бругадалардың бірі. Кейіннен әлемдік кардиология қоғамдастығы бұл оғаш ауруды – «Бругада синдромы» деп атап кетеді. Бүгінгі таңда, осы көрнекті доктордың ғылыми жұмысының арқасында дені сап-сау адамның кенеттен өліп кетуі туралы көп нәрселер дәрігерлерге түсінікті болды.

Танымал «Барселона» футбол клубының медициналық бөлімшесіне жетекшілік еткендіктен, профессор Бругаданың спорттық медицинаға тікелей қатысы бар. Спорт кардиологы ретінде, мен үшін «Кенеттен өліп кету және спорт» тақырыбындағы баяндамасы қызықты болды, сондай-ақ профессорға бірінші болып сұрағымды қою мүмкіндігіне ие болды.

Өзінің баяндамасын қорытындылай келе, профессор шыдамдылықты талап ететін спорт түрімен кәсіби деңгейде (аптасына 10 сағаттан артық) айналысу өлім қаупін 4,5 есеге арттыратындығын айтты. Сондықтан да, атлеттер үшін кардиологиялық тексеруден өту міндетті және тұрақты негізде жүргізіліп тұруы тиіс екен.

Әлемге аты әйгілі кардиологтың астанамызға келуін ұйымдастырғаны үшін Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасының Медициналық орталығы ауруханасы, сондай-ақ осы кездесуге шақырған Медикер компаниясының басшылығына алғысымды білдіргім келеді.

ҚР ПІБ Медициналық орталығы ауруханасы.

Профессор Джузепе Бругада, легенда мировой кардиологии! 2.jpgПрофессор Джузепе Бругада, легенда мировой кардиологии! 3.jpgПрофессор Джузепе Бругада, легенда мировой кардиологии! 4.jpg