СІЗДІҢ ПАЦИЕНТТЕРІҢІЗ КІМДЕР?
Көмекке зәру, несеп шығару және жыныс мүшесінің қызметінде, мысалы – қозулық дисфункция, яғни эрекцияның басталуы, эрекцияны ұстап тұру, ерте эякуляция, жыныс мүшесі қисайған және тағы басқа мәселелері бар адамдар. Мен ұрықтандыру мәселесімен айналыспаймын. Онымен басқа қызмет айналысады, онда жұмыс істейтін дәрігерлерді репродуктологтар деп атайды.
ПАЦИЕНТТЕР СІЗГЕ ҚАЛАЙ КЕЛЕДІ?
Біз қазір эмансипация дәуірінде өмір сүреміз: кей кездері әйелдері ерлерін алып келеді, кейде ерлер өздері келеді. Белгілі бір ғана тенденция бар деп те айта алмаймын. Пациенттерге денсаулықтарында қандай да бір ақау болса, ең алдымен бірінші қадамға бел буып, дәрігермен сөйлесуге кеңес беремін. Дәрігерлер келе салып, бірден емдеуді бастап кетпейді, әдетте бастапқыда жақсы әңгіме жүргізіп, мұқият тексеру жүргізеді.
ЕР АДАМДАР ӨЗ МӘСЕЛЕЛЕРІН ШЕШУ ҮШІН БАТЫЛДЫҚ ТАНЫТЫП КЕЛЕ БАСТАДЫ МА?
Жоқ, ер адамдар жай ғана интернет, блогерлер беретін ақпараттың басқа көздерін тапқан, оның нәтижесінде ақпарат қолжетімді бола түсті. Алайда, ақпарат тапшылығы - ақпараттық интоксикацияға айналып барады. Аурудың бір белгісінің өзі мүлде басқа жолмен емдеуді қажет ететін көптеген ауруларда болуы мүмкін. Сондықтан да, блог – дегеніміз жақсы, интернет – дегеніміз жақсы, алайда, пациенттің дәрігермен сөйлесуіне ешнәрсе жетпейді, басында айтып өткенімдей, мәселенің түпкілікті себебін анықтау үшін жақсылап ашық әңгімелесу қажет. Осының бәрі орындап болғаннан кейін ғана анықтауға және диагностика хаттамасын ұстануға, нақты нәтиже алуға және олардың негізінде емдеу бойынша нақты қадамдар жасауға болады.
ЖАЛҒАН ДӘРІГЕРЛЕР ТУРАЛЫ ОЙЫҢЫЗ ҚАНДАЙ?
Олар көп қой, мен оларды қадағаламаймын, себебі мұндай дәрігерлер күндердің бір күні ұсталады бәрібір. Кейбір кездері үмітін үзген немесе дұрыстап емделмеген адамдар келеді, осындай жағдайлар тіпті қиын, себебі мұндай кезде тек урологиямен ғана емес, сондай-ақ психотерапия, психоанализбен де айналысу қажет болып жатады.
ҚАНДАЙ АУРУЛАР ЖАСАРДЫ?
Барлығы жасарды. Біздің өңірге көбінесе – қабыну ауруы тән. Бұл созылмалы простатит, әдетте ауыр қайталана беретін простатиттермен сипатталатын простата тастары. Сонымен қатар, қозу дисфункциясы да жасарды. Қазір көптеген аурулар жас буында да кездеседі.
ЕРЛЕРГЕ ҚАНДАЙ КЕҢЕС БЕРЕСІЗ?
Жалпы, ер және әйел денсаулығы мәселесі бір-бірінен бөлек қарастырылмайды. Бұл ең алдымен - отбасылық денсаулық. Көп жағдайда әйелдің денсаулығы ер адамның денсаулығына байланысты. Бұл менің ойым емес, бұл мәселемен бұрын айналыса бастаған Батыс мамандарының ойы. Өкінішке орай, жыныс мүшелерінің аурулары серіктестердің екеуіне де қатысты: бұл флора, қабынуға, бедеулікке, циклдің бұзылуына және т.б. әкелетін инфекциялар. Ұзақ айта беруге болады, бірақ мұндай жағдайларды ер және әйел деп біртұтас ретінде қарастыру керек.
СІЗГЕ КЕЛЕРДІҢ АЛДЫНДА АДАМҒА НЕНІ БІЛУ КЕРЕК?
Адамға жай ғана өзінің қандай мәселесі бар екенін, доктордан не қажет екенін анықтап барып келуі керек. «Доктор, мен ауырамын, нені емдейтініңізді білмеймін, бірақ емдеңіз» қағидаты жұмыс істемейді. Пациент докторға интернетте оқып алғандарын емес, өзін не үрейлендіретінін, өзінің шағымдарын нақты жеткізуі қажет. Қазір диагностикалау мүмкіндіктерінің көптілігі сонша, тек «бірінен соң бірін» қағидаты бойынша диагностикалау едәуір сомаға шығып кетуі мүмкін. Менің кәсіпқойлығымның мәні – пациенттің толық емделмей немесе мүлде емделмей, маған өпке артып қашып кетпеуі үшін, пациентке қолайлы және қалтасы көтеретін тексеру картасын беру болып табылады. Егер ауру қандай да бір маңызды зерттеуді талап ететін болса, мен пациентке «алдымен тексеріл», сосын қорытынды шығарармыз деп айта салмай, оны негіздеп беруім қажет: бұның қажеті жоқ, бұл менікі емес, ал дәл осы анализ қандай мәселе бар екен көрсетеді. Пациент өз мәселесін анық шешу үшін, докторға нақты сенім артып келуі қажет.
Аурудың себебін білмесек – диагноз да жоқ. Диагноз болмаса – ем де жоқ, бұл жерде тек сауда ғана жүреді.
ПАЦИЕНТТЕР ҰЯЛШАҚ ЖӘНЕ ОЙЛАРЫН ТОЛЫҚ ЖЕТКІЗБЕЙДІ МЕ?
Біз қайтадан менің алғашқы сөзіме қайтып оралдық, ең алдымен қарапайым жақсы әңгіме құру, сөйлесу және сенім болуы қажет. Докторға ашық айтпай және сенім білдірмей тұрып ешнәрсе де шықпайды.
Мені, өзін алдауы мүмкін, бірақ ауруды алдай алмайды.
ОТБАСЫ БОЛЫП КЕЛЕТІН ПАЦИЕНТТЕР ШЕ?
Әрине. Жәй отбасылық доктор емес, тіпті..... қалай деп айтсам екен. Адамдар шындық үшін келеді, тіпті кейде пациенттер маған бейініме қатысы жоқ сұрақтарды да қойып жатады. Әдетте олар мұны баламалы жауап алу үшін істейді.
ТЕКСЕРІЛУДЕН ҚАНШАЛЫҚТЫ ЖИІ ӨТІП ТҰРУ ҚАЖЕТ?
Белсенді жыныстық қатынасқа түскен ер адамдар ең болмағанда жылына бір рет докторға көрінуі қажет, ал егер отбасылық жұпта мәселе туындаған болса, жұптың екеуі де көрінуі қажет: әйел - гинекологқа, ер адам – урологқа. 40-45 жастағы ер адамдар міндетті түрде көктемде және күзде чекап (диагностика өту) жасауы қажет, ал простата обырымен ауырған туыстары болған жағдайда жылына екі рет ПСА тапсырып, простата УДЗ жасау және ректалды тексеруден өтуі керек.
Универсалды сызба жоқ әрине, себебі біз бір бірімізге ұқсамаймыз. Сол себепті де пациентпен жұмыс кезінде оның жол картасы мен бақылау тексерулерін анықтайсың.
Бірақ, қазір бәрі доктордың тағайындағанын орындауға тырысады. Біріншіден, бәрі белсенді жыныстық өмір сүргісі келеді, бәрі онкологиядан қорқатын болды. Бір жағынан, интернет біз үшін зиян, ал екінші жағынан адамдардың бәрі аурудың алдын алу мен ерте диагностикалаудың қажет екенін түсінді. Әрине, мұндай көзқарас – салыстырмалы түрде жаңа тенденция, яғни ұрпақтарымыздың көзқарасы өзгеруде. Көбінесе интернет қолданатын жастардың буыны осылай ойлайды. Мен урологияда өзімнің алғашқы қадамдарымды жасап жүрген кезде, тек сарафан радиосы мен емделіп шыққан пациенттер ғана күшті жарнама болатын.
Анықтама: Павел Иванович Шолох – ҚР ПІБ МОА №4 хирургия бөлімшесінің (урология, жалпы хирургия) дәрігер-урологы. Ол кісі 22 жыл практикалық жұмыс жүргізген. Сондай-ақ, доктор П. Шолох робот-ассисттелген құрылғының көмегімен операция жасайтын Президенттік клиниканың хирургтар командасына кіреді.
Қабылдау уақыты – әр жұмыс күні 16:00-ден 18:00-ге дейін.
Телефон арқылы жазылу:8(7172)70 79 44