«Біздің жүрегіміз – қанды айдайтын насос тәрізді: кейбір пациенттерде бұл қызмет әлсіреген. Осыған байланысты өмірге қауіп төндіретін аритмия пайда болуы мүмкін.
Сол себепті біз аппараттарды қоямыз: олар өмір сапасын жақсартпайды, оны тек шектімежедегі сәтте сақтап қалады, себебі науқас кез-келген уақытта есінен танып және өліп кетуі мүмкін. Аппарат тоққа разряд береді, осылайша жүрек жұмысын ынталандырады.
Сондай-ақ, арсеналымызда жүрекке қан айдауды арттыратын аппараттар да бар, олар – жоғары технологиялы үш камералы кардиовертер-дефибрилляторлар.
Оларды орнату доктордан үлкен біліктілікті талап етеді. Бұл операциялар құрылғыны имплантациялау тұрғысынан өте күрделі. Біз, Ауруханамызда мұндай операцияларды жасаймыз және Қазақстанның түпкір-түпкірінен келетін пациенттерді құтқарамыз».
Сіздер жүрек ырғағы туралы толығырақ доктор Камиевтің қабылдауынан біле аласыздар. Қабылдауға жазылу және консультацияның құны туралы сілтемеге өту арқылы біле аласыздар: /ru/news/announcements/6671
Президенттік клиниканың жетекші мамандарының қабылдауына жазылу жұмыс аптасы бойына жүргізілетіндігін естеріңізге саламыз. Біздің докторларымызбен өз денсаулықтарыңызды күтіңіздер.