Басты бетРОБОТТАНДЫРЫЛҒАН ХИРУРГИЯ - БҰЛ БОЛАШАҚ

РОБОТТАНДЫРЫЛҒАН ХИРУРГИЯ - БҰЛ БОЛАШАҚ

РОБОТТАНДЫРЫЛҒАН ХИРУРГИЯ - БҰЛ БОЛАШАҚ

Доктор Дэвид Самади роботтың "қолдарына" сенімартудың қажеттілігі туралы

3K3A6985.JPG

Еліміздің денсаулық сақтау саласындағы ең ауқымды инновациялық жобалардың бірі – Президенттік аурухананың роботтандырылған хирургия бағдарламасына қазан айында 1 жыл толады. Осы уақыт ішінде ҚР ПІБ Медициналық орталығы ауруханасының докторларымен АҚШ пен Италиядан келген консультант хирургтар бірлесіп, робот-ассистирленген қондырғымен 140-тан астам операция жасады.

 

Жаңа технологияның мүмкіндіктері мен сыни пікірлер туралы бір жыл алдыңғы алғашқы сұхбатымыздан кейін, біз тағы да АҚШ-тың танымал уролог-дәрігері және Президенттік ауруханадағы бағдарламаның кеңесшісі Дэвид Самадимен кездестік. Доктор Самади Аурухананың директоры, профессор Валерий Бенберинмен технологиялық прогресс, робот-хирургтар және ең гуманды медицина туралы сұхбат берді.

3K3A6992.JPG

Доктор Самади Президенттік аурухананың дәрігерлері робот-ассистирленген қондырғыда кезекті манипуляцияны орындап жатқан операциялық бөлмеден жаңа ғана шықты. Біздің кездесу кезінде ол бұл операцияның өз ерекшелігі бар екенін атап өтті:

 

"Біз талдайтын жағдайлардың кейбірі бұл жолы холецистэктомияны қамтиды, бірақ енді біз осы операцияны үш саңылау арқылы орындаймыз. Әдетте, пациенттің іш тұсына аспаптарды енгізу үшін біз төрт саңылау жасайтынбыз, бірақ бұл жолы біз әдеттегіден өзгеше шешім қабылдадық. Мұндай тәсіл, еңалдымен, пациент үшін косметикалық тұрғыдан пайдалы және біздің қазақстандық әріптестеріміз осы міндетті сәтті орындады".

Тұрғындардың көпшілігі ондайға тіпті назарын аудармайды да. Кәсіпқойлардың түсінігіндегі, ғарышкерлер айтпақшы, бұл кішкентай қадам, потенциалды пациенттер үшін де, дәрігерлер үшін де, жалпы ел үшін де маңызды оқиға болып табылады.

Доктор Самади роботтандырылған хирургия стереотиптерге қарамастан, медицинаның ең гуманды технологияларының бірі болып табылатынын егжей-тегжейлі түсіндірді:

"Бұл жағдайда пациентте қорқыныш болмауы тиіс, себебі оған операцияны робот емес, хирург орындайтынын түсіну маңызды. Робот-ассистирленген қондырғы кәсіпқой маманның бақылауында. Егер хирургтың ашық және лапароскопиялық операцияларды жүргізуде тәжірибесі мол болса, онда робот оның дағдыларын тек қана жақсартатынын және шеберліктің жаңа деңгейіне шығуға мүмкіндік беретінін мен ылғи айтамын. Бұндай манипуляцияларда пациенттер қанды аз жоғалтады, сондықтан операциядан кейін пациенттер тез қалпына келеді және белсенді өмірге тез оралады".

3K3A0168.JPG

"Менің ойымша, роботтандырылған хирургия - бұл болашақ, бұл тұрғыда артқа жол жоқ. Бүкіл әлем осы бағытта жылжуда. Еуропа мен АҚШ-та ашық операциялар саны біртіндеп азаюда. Манипуляциялар барынша миниинвазиялық болуда".


Untitled design.png

"Операциялар пациенттің денесіне құралдар енгізілетін шағын тіліктер арқылы жүргізіледі. Роботтандырылған хирургиялық жүйелерді пайдалана отырып, жасалған операциялар кезіндегі қан жоғалту көлемі талдау үшін қан алғанмен бірдей екендігін атап өтті, Президенттікаурухананың директоры Валерий Бенберин. Ол көптеген мысалдар келтіре отырып, роботтың хирургтың шеберлігін шыңдайтындығын айтты:

"Адами фактор деген ұғым бар. Хирургтың қолы ең жауапты сәтте қалтырауы мүмкін. Роботтандырылған хирургиялық жүйені пайдалану кезінде мұндай қауіп жоқ деуге болады, өйткені жүйе кездейсоқ қозғалыстарды жасатпайды. Осының бәрі оңалтудың көп уақытты қажет етпейтіндігіне әкеледі. Пациент тез арада қалыпты өмір ырғағына оралады".  

3K3A7367 - копия.JPG

"Жалпыалғанда, роботтандырылған хирургиялық жүйені қолдану арқылы операциялар жүргізу кезінде науқастың стационарда болу уақыты орташа есеппен 7-ден 3 төсек-күнге дейін төмендейді.

Ал бұл қазірдің өзінде елеулі қоғамдық және макроэкономикалық аспект болып саналады, себебі ауруханалар жұмысының тиімділігін арттырып, мемлекетке әлеуметтік жүктемені азайтады.

Сондықтан роботтандырылған хирургияны белсенді енгізу мемлекет үшін де, халық үшін де өте тиімді", - дейді Валерий Бенберин.

Сонымен қатар, Ауруханада өз операцияларына арналған технологиядан басқа, тағы бір робот орнатылған. Оның миссиясы – ағартушылық: бұл қондырғы – біздің өңірдегі алғашқы роботтандырылған хирургияның референсті орталығының жүрегі болып табылады. Референсті орталықта технологиялардың көмегімен операция жасап үйрену үшін, тәжірибеші дәрігерлермен қатар, медициналық жоғары оқу орындарының студенттері де оқиды. Мұндай білім беру хабтары әлемде үш жерде ғана бар: АҚШ-та (Орландо), Италияда (Милан) және Қазақстанда.