Басты бетЖАҚСЫ ЖӘНЕ ЖАМАН: ДОКТОР ЛАНДСБЕРГ ХОЛЕСТЕРИННІҢ БІЗДІҢ ДЕНСАУЛЫҒЫМЫЗ ҮШІН ЗИЯНЫ МЕН ПАЙДАСЫ ТУРАЛЫ

ЖАҚСЫ ЖӘНЕ ЖАМАН: ДОКТОР ЛАНДСБЕРГ ХОЛЕСТЕРИННІҢ БІЗДІҢ ДЕНСАУЛЫҒЫМЫЗ ҮШІН ЗИЯНЫ МЕН ПАЙДАСЫ ТУРАЛЫ

ЖАҚСЫ ЖӘНЕ ЖАМАН: ДОКТОР ЛАНДСБЕРГ ХОЛЕСТЕРИННІҢ БІЗДІҢ ДЕНСАУЛЫҒЫМЫЗ ҮШІН ЗИЯНЫ МЕН ПАЙДАСЫ ТУРАЛЫ

Доктор Питер Ландсберг - әлемдегі холестеринге немқұрайлы қарамайтын адамдардың бірі. Дегенмен, айтарлықтай ерекшелігі де жоқ – бұл оның кәсіби қызметінің бір бөлігі: доктор Ландсберг липидолог, яғни липид алмасу ауруларын алдын алу, емдеу және диагностикалауға маманданған дәрігер. Қарапайым сөзбен айтқанда, ол емделушілерге жүрек-қантамыр ауруларын емдеуге және олардың алдын алуға көмектеседі.

 

Оның ұзақ қызметтік тізімінде – Амстердам қаласының медициналық орталығындағы докторлық диссертация, липидтерді зерттеу бойынша жүргізілген клиникалық сынақтар, бірнеше медициналық әзірлемелер мен зерттеу бағдарламалары, сондай-ақ жүрек-қантамыр ауруларын бақылау және басқару бойынша өткізілген мыңдаған презентациялар мен семинарлар.

 

Мұндай дәрісті доктор Ландсберг жақында ғана Президенттік клиниканың докторларына арнайы өткізіп, бізбен холестерин, тамақтану, өмір салты және ұзақ өмір сүру туралы әңгімелесті.

2019.06.27 ДОКТОР ЛАНСБЕРГ 1

ЖҮРЕК, КЕЛУІ ЖӘНЕ СТАТИНДЕР ТУРАЛЫ

Мен дәрігерлерді жүрек-қан тамырлары ауруларының жоғары қаупі бар пациенттерді емдеу мен күтуге үйретемін. Мамандығым бойынша мен - дәрігер-липидологпын және менің жұмысымның фокусы липидтер, холестерин және триглицеридтер болып табылады, олардың деңгейі денсаулыққа әсер етеді. Докторларға арналған дәрістің барысында менің басты міндетім оларға – мен агрессивті деп айтқым келмейді, себебі бұл сөздің негативті мағынасы бар, бірақ жүрек-қантамыр ауруларына шалдыққан пациенттерде холестерин деңгейін бақылауға қатысты шараларды күшейту қажет.

 

Себебі, бізде мұндай тактиканың қолдануы қауіп тобындағы пациенттерде бірінші, екінші немесе үшінші ұстамалардың болу ықтималдығын азайтуға көмектесетініне ғылыми дәлелдер көп.

 

Біз көп жағдайда қолданатын дәрі-дәрмек статиндер деп аталады. Бұл қандағы холестерин деңгейін төмендетуге бағытталған препараттар тобы.    Бұл дәрі-дәрмектің бес-алты түрі бар. Оны күніне бір рет қабылдау керек, ол өте қауіпсіз, әрі тиімді.

 

Бұл дәрілермен, әдетте, аурудың даму қаупі өте жоғары пациенттерді емдейді. Көбісі бұл топта екендері туралы білмейді: егер сіз 40-50 жаста болсаңыз, темекі шексеңіз, жоғары қысымнан зардап шексеңіз және ішіңізді май басса, онда мен сізге жүрек тоқтау ықтималдығы туралы тексеруден өтуге кеңес берер едім. Егер ол жоғары болған жағдайда сізге емделу қажет. Егер бәрі жақсы болса, дәрі-дәрмектермен емделу қажет емес.

2019.06.27 ДОКТОР ЛАНСБЕРГ 2

Бірақ, дәрігерлердің көбісі бұл препараттың жоғары дозасын қажет болған жағдайда да жазып беруінен бас тартады. Олар бұл дәрі-дәрмектер тым күшті және кейін пациенттер шағымданады деп ойлайды. Қазіргі таңда кәсіби қоғамдастықтың тап болып отырған проблемалардың бірі - көптеген пациенттер ақпаратты онлайн іздейтіндігі, холестерин деңгейін азайтудың қажеті жоқ, себебі олар ешқандай қауіп төндірмейді, ал статиндер денсаулыққа зиян келтіреді, бас ауруы мен жадының жоғалуын тудырады деген көптеген жағымсыз пікірлер оқиды. 

 

Мен шетелдік әріптестерімнің көпшілігі сияқты Қазақстандағы емделушілерге жете алмаймын, алайда мен докторлармен кездесе аламын, олардың сенімділіктерін арттырып, тәуекел факторларын бақылау әдістемесін, атап айтқанда, қауіп төнген пациенттердің холестерин деңгейін күшейтуге көмектесе аламын. Мен Президенттік клиниканың дәрігерлеріне холестериннің қандай деңгейін ең жақсы деп санайтынымды, неліктен оның деңгейін төмендетуімізге керектігі және төмен холестериннен обыр, немесе диабет пайда болады, деген барлық мәлімдемелер жеткілікті түрде негізделмегені туралы айттым.

2019.06.27 ДОКТОР ЛАНСБЕРГ 3

САУ АДАМДАРДЫҢ ХОЛЕСТЕРИН ДЕҢГЕЙІ ТУРАЛЫ

Мұны дәрімен жасау өте оңай. Сіз оны қабылдайсыз және холестерин деңгейі 50%-ға төмендейді. Алайда, оның деңгейі термостатқа тәріздес - егер ол жоғары болса, азайтуы өте қиын. Жоғары белгіге жеткенде, қандағы холестерин деңгейін, әдетте, өзгерту оңай емес.

 

Менің ойымша, қазір адамдардың салауатты өмір салтын ұстанатындары өте маңызды деп санаймын. Бірақ мұны бала бақша жасынан бастау керек, ұзақ жылдар бойы физикалық белсенді адам болу үшін балаларға нені, қай көлемде жеу керектігі жайлы айту қажет. Егер сіз балалық шақтан сау диетаны ұстансаңыз, онда қазір халықтың көбісіндегідей емес, сіздің холестерин деңгейіңіз өмір бойы жоғары көтерілмейді. Бірақ мәні тек холестеринде ғана емес. Сондай-ақ, зиянды тамақтанумен және біздің өмір салтымызға байланысты тәуекелдің барлық басқа факторлары да төмендейді.

 

Бүгінгі күні дамыған елдің орташа статистикалық тұрғынының күн тәртібі қалай көрінеді: таңертең тұрысымен жұмысқа машинамен барады, кеңседе күні бойы отырады, үйге машинамен қайтады, теледидар қарайды, жиі фаст фудпен тамақтанады. Оның өмірінде дене белсенділігі барынша кемітілген, ал рационында зиянды тағамдар. Бұл жағдайда жүрек-қантамыр ауруларының қаупі айтарлықтай артады.

 

Мен марафон жүгіру керек демеймін. Кейде мен өз пациенттеріме ит алуды ұсынамын, себебі олармен күніне бірнеше рет серуендеуге тура келеді, мұның өзі өте жақсы.

 

Тамаққа қатысты да күрделі ештеңе жоқ. Менің ең қарапайым кеңесім – супермаркетте емес, жаңа өнімдерді сататын базарға бару. Әрине, бұл әрдайым мүмкін болмайды, бірақ супермаркетте сатып алуға мәжбүр болсаңыз да, тез дайындалатын тағам және жартылай фабрикаттарды емес, жаңа және шикі өнімдерге назар аударуға тырысыңыз.  Біз тұтынатын өнімдердің көпшілігі өнеркәсіптік өнімдер. Олардан бас тартуға қиын болатындай қылып жасайды: барлығы тым тәтті, тұзды, әрі майлы.

2019.06.27 ДОКТОР ЛАНСБЕРГ 4

Егер сіз үңгірде тұрсаңыз және аюдан қашуға мәжбүр болсаңыз, мұндай калориялы, майлы тағамды жеп, сіз денені қуатпен молықтырып, күштірек боласыз, басқаларға қарағанда эволюциялық артықшылыққа ие боласыз.  Бірақ қазір біз көп мөлшерде тұтынатын калорияларды тиісті көлемде жұмсаймыз.

 

Бізге жартылай фабрикаттарды емес, жемістер, көкөністер, жарманы көбірек жеу керек, майларға қарсы емеспін, жоғары сапалы болса зиянды емес деп ойлаймын. Гидрогенделген (транс-май) май, өнеркәсіптік жолмен өңделген өсімдік болса да сіздің мәзірдегі ең жақсы ингредиент емес. Бірақ егер сіз табиғи, мысалы зәйтүн, немесе авокадо майын қолдансаңыз, онда бұл тіпті пайдалы.

 

Бірақ қазіргі таңда бұл жалғыз мәселе емес: біз азық-түлік өнеркәсібі саласында пайдаланылатын жануарлар союға барар алдында көптеген антибиотиктер мен дәрі-дәрмектерді алатынын түсінеміз. Олардың тамақтарына қосатын дәрілер оларға ет өндіруге, тезірек өсуге және ауырмауға көмектеседі. Бұл заттардың барлығы етте қалып, біздің ағзамызға түседі.

 

ЖАҚСЫ ЖӘНЕ ЖАМАН ХОЛЕСТЕРИН ТУРАЛЫ

Біз холестерин деңгейін өлшеуді 100 жыл бұрын үйрендік. 40 жыл бұрын біз оның басқа түрлерін анықтадық. Ал қазір біз жақсы (HDL) және жаман (LDL) холестеринді білеміз. Егер сіздің қаныңызда жақсы холестериннің деңгейі жоғары болса, ол сізді аурулардан қорғайды.

 

Біздің бауырымыз жақсы холестерин өндіреді, бірақ барлығы ойлағандай оңай емес. Соңғы 5-10 жыл ішінде медициналық қоғамдастық семіздік, қант диабеті бар пациентте жақсы холестерин деңгейінің жоғары болуы теріс әсерге ие деген пікірге келген кезде бәрі өзгерді. Жақсысы жаман бола бастайды. Оның сыртқы сипаттамалары өзгермейді, оны әлі күнге дейін біздің ағзамыз үшін пайдалы холестерин деп ойлауға болады. Бірақ шын мәнінде, ол ағзаны қорғамайды, керісінше жүрек-қантамыр ауруларының дамуына әсер етеді.