Басты бетПРЕЗИДЕНТТІК КЛИНИКАНЫҢ ЖЕТЕКШІ МАМАНДАРЫ АҚТАУ МЕН ЖАҢАӨЗЕНДЕ ТЕГІН КЕҢЕС БЕРУДІ ӨТКІЗЕДІ

ПРЕЗИДЕНТТІК КЛИНИКАНЫҢ ЖЕТЕКШІ МАМАНДАРЫ АҚТАУ МЕН ЖАҢАӨЗЕНДЕ ТЕГІН КЕҢЕС БЕРУДІ ӨТКІЗЕДІ

ПРЕЗИДЕНТТІК КЛИНИКАНЫҢ ЖЕТЕКШІ МАМАНДАРЫ АҚТАУ МЕН ЖАҢАӨЗЕНДЕ ТЕГІН КЕҢЕС БЕРУДІ ӨТКІЗЕДІ

2019 жылғы 23 және 24 мамырда Ақтау мен Жаңаөзенде Президенттік клиниканың "Менің сүйікті дәрігерім" акциясы өтеді.

 

Акцияға 18 жастан асқан әрбір тілек білдіруші қатыса алады: жолға қаражат пен уақытты жұмсаудың қажеті жоқ, Президенттік клиниканың жетекші мамандары сізге көмекке өздері келеді.

 

Мамандар командасында:

уролог – Шолох Павел Иванович.

кардиохирург – Қозыбаев Жеңіс Болатұлы;

аритмолог – Смағұлов Шалқар Жұмағазыұлы;

кардиолог – Султанова Рауза Зұлқарнайқызы

ангиохирург – Қайкенов Берік Талғатұлы

 

Қабылдау кезінде өзімен бірге келесі зерттеу нәтижелері болуы қажет:

кардиохирург – ЭКГ, ЭхоКГ, ангиография болған жағдайда МРТ, КТ дискінің болуы міндетті.

аритмолог – ЭКГ, ХМ ЭКГ, ЭхоКГ

ангиохирург – тамырлардың ультрадыбыстық допплерографиясы, ангиография болған жағдайда диск міндетті

кардиолог – ЭКГ, ЭхоКГ, зертханалық зерттеулер

уролог – рентген және бүйректердің КТ, несеп пен қан анализі, биохимия (креатинин және несеп)

 

"Менің сүйікті дәрігерім" акциясы 23 мамыр күні Ақтау қаласы, 24 шағын аудан, №2 Аурухана қалашығында Маңғыстау облыстық ауруханасының кеңес беру-диагностикалық бөлімшесінде өтеді.

 

24 мамыр күні №2 Жаңаөзен қалалық емханасының тар мамандар бөлімінде Жаңаөзен қаласы, "Шаңырақ" ш/а, 48/4 ғимараты.

 

Екі қалада да қабылдау уақыты 9:00-ден 17:00-ге дейін, түскі ас үзіліспен.