Басты бетЖОҒАРЫ ПИЛОТАЖ МЕЙІРБИКЕСІ: МАМАНДЫҒЫ, ҚОЛ ЖУУ МЕН БЕЛГІЛЕР ТУРАЛЫ

ЖОҒАРЫ ПИЛОТАЖ МЕЙІРБИКЕСІ: МАМАНДЫҒЫ, ҚОЛ ЖУУ МЕН БЕЛГІЛЕР ТУРАЛЫ

ЖОҒАРЫ ПИЛОТАЖ МЕЙІРБИКЕСІ: МАМАНДЫҒЫ, ҚОЛ ЖУУ МЕН БЕЛГІЛЕР ТУРАЛЫ

2019.05.13 О ПРОФЕССИИ МЕДСЕСТРЫ 1

Медициналық бике – әрбірімізге бала кезімізден белгілі мамандық. Бұл бике әрқайсымыздың туғанымыздан бері бар. Ол біздің денсаулығымызға қатысты әр түрлі жағдайларда бірге жүреді, ал оның қамқорлығын, кейде ананың қамқорлығымен салыстыруға болады: тек бізді, науқастарды қарау – бұл оның кәсіби борышының бір бөлігі.

Бұл кейіп біздің әлемнің бейнесіне нық енген, тіпті мейірбикесіз аурухананы да елестету қиын сияқты. Біз Президенттік клиниканың операциялық блогына кіргенде, бұл іс жүзінде мүмкін еместігіне көз жеткіздік.

Біздің кейіпкеріміз – жалпы хирургияның операциялық мейірбикесі, дегенмен, кез келген тарихтың бірегейлігіне қарамастан, онымен ұқсастықты мейірбикелік іспен байланысты әрбір адам табады: мейібикелермен танысу мен әңгімелесу барысында, біз бұл мамандықта жарым күш жұмсауға болмайтынын түсіндік. Ол – олардың тұтас өмірі. Неге, қалай? Халықаралық мейірбикелер күніне арнайы дайындалған репортажымызды оқыңыз.

2019.05.13 О ПРОФЕССИИ МЕДСЕСТРЫ 2

"Қолды тазалау теріге қатты әсер етеді. Сабын - сілті, анстисептик – спирт", - мұндай наразылықпен кез-келген әйел келесер еді, себебі әйгілі кутюрье айтқандай – қолдарымыз біздің сәніміз. Оларды химиялық элементтердің осындай жиынтығымен өңдеуі күніне бірнеше рет келетіндігін ескерсек, - сәндік туралы ұмытуға болар еді. Бірақ бұл тіпті шағым да емес, тек факт, әрі мамандықтың ажырамас бөлігі, операциялық бөлмеде бұл жайлы әйелдік драматизмісіз айтады. Біздің кейіпкеріміз Сарвиназ Юсупова қолдарын мұқият жуу барысында іспен қатар әзілді де қосады:

2019.05.13 О ПРОФЕССИИ МЕДСЕСТРЫ 3

«Жұмыс істей келе белгілі бір әдеттер қалыптасты: біз әрдайым асығып жүреміз, бір операциядан басқасына үлгеруге керек, сондықтан үзіліс кезінде тез тамақтанамыз, үйде де дәл солай. Кейде мен қолымды тамақты шайғаннан гөрі мұқият жуатынымды байқаймын».

 

Солайша бөлек-бөлек, үзілістермен біз осы сұхбатты да жаздық: дәрі-дәрмектер мен хирургиялық құралдармен толтырылған арбаның гүрілімен операциялық бөлмеге барарда, содан кейін операцияға дейінгі бөлмеде ағынды судың шуымен, ал операциялық бөлменің өзінде металл қайшылар мен қысқыштардың дыбысының салдырымен. Операциялық бөлмеге мейірбикелер санитарлар мен анестезиологтармен бірге алғашқылардың бірі болып кіреді: бұл топ операция үшін қажетті барлық нәрсені және пациенттің өзін де хирургтар мен олардың ассистенттерінің келуіне дайындайды.

2019.05.13 О ПРОФЕССИИ МЕДСЕСТРЫ 4

"Менің міндетіме операция кезінде қажетті барлық құралдарды дайындау кіреді. Шын мәнісінде, біз операциялық бөлмені толықтай дайындап, медициналық мақсаттағы бұйымдардың барлығының қол астында болуын қамтамасыз етуге тиіспіз: құрал-саймандарымызды, жіптерімізді, шығыс материалдарды, импланттарды. Барлығы алдын ала дайындалуы керек. Қажет болғанда, операция жасайтын хирург пен ассистент пациентті жатқызу үшін ерте келе алады, әрі қарай олар қолдарын өңдейді, стерильді халат киеді, содан кейін біз операцияны бастаймыз".

2019.05.13 О ПРОФЕССИИ МЕДСЕСТРЫ 5

Жалпы хирургия бойынша болатын операцияға дайындық үшін он минуттай кетеді. Операциялық блоктағы уақыт өзінің астрономияға жатпайтын заңдары бойынша жүреді: кез келген басқа, жайсыз жағдайда он минут – кешірімсіз ұзақ болуы мүмкін. Бұл жағдай орын алмас үшін тек реакцияны жаттықтырып қана қоймай, операция қадамдарын алдын ала біліп отыру керек.

"Тәжірибе жинай келе хирургтың монитордағы іс-қимылдарын бақылап, мен оның келесі қадамының қандай болатынын білемін, оған бірден қажетті құрал беремін, оған кейде керек заттың атын да атап керек жоқ - қысқыш, қайшы немесе диссектор", - деп Сарвиназ сәл мақтана бөліседі. Біз операциялық бөлмеден шықтық: жұмыс қарбаласынан алыстай отыра, әдетте тар кәсіби шеңберде ғана сақталатын әңгімелерді естуге мүмкіндік бұйырады:

"Менің алғашқы операциям есімде – ол холецистэктомия, яғни өт қабын алып тастау болды. Сол кезде қолдарым қалтыраған. Хирургтарға соны ашық айтқаным есімде: "егер бірдеңе дұрыс болмаса, ұрыспаңыз, мен үйренемін, шын айтамын". Бірақ менің жолым болды: біздің хирургтар өте сабырлы. Олар маған талайды үйретті. Сондай-ақ, мені мейірбике Роза Аманжолқызы мен санитар Лейла Аманжолқызы да үйреткен, ол қазір, өкінішке қарай, денсаулығына байланысты жұмыс істемейді".

2019.05.13 О ПРОФЕССИИ МЕДСЕСТРЫ 6

"Мойындау керек, жұмыс өте күйзелісті, бәріне дайын болу керек. Осы уақыт ішінде әртүрлі жағдайларға тұрақты бола алдым, мінезім де қатайды. Сөздерге мән бермеуді үйрендім. Біздің ісімізде біреу өткір сөзді тастай алатын жағдайлар бар - басында ренжитінмін. Алайда қазір – жоқ, құлаққа асырмауға үйренесің, өйткені мұның бәрі жұмыс сәттері. Тіпті анам да менің мінезімдегі өзгерістер туралы айтады".

 

Оларды байқамау мүмкін емес, әсіресе, кәсіби өсу кезеңі операциялық бөлмеде өткен кезде – бұл ерекше өмір мектебі.

"Мен Ауруханаға мемлекеттік бағдарлама бойынша, колледжден кейін бос орындар жәрмеңкесі болған кезде келдім. Мені білім деңгейім бойынша Президенттік клиникаға бөлді. Келгенде таңдауыма не емхана, не операциялықты ұсынды. Мен үнемі жүгіріп, жанталасып жүретін адаммын, бір нәрсеге ұмтылатын болсам – оған қол жеткіземін. Сондықтан, рухыма жақын  болғандықтан операциялық бөлмені таңдадым".

2019.05.13 О ПРОФЕССИИ МЕДСЕСТРЫ 7

Мұнда белгісіздік драйвы толық бақылаумен шектеседі, жоғалтудың қорқынышымен, шынайы көмек сезімімен және орындалған борыштың эмоцияларымен қиылысады. Жастары үлкендеу, тәжірибелері мол әріптестері әрине, мұндай экспрессиясыз, бірақ мәнін тура жеткізеді: мейірбикенің операция кезіндегі жұмысы – кейде ер адамның күш-жігерін мен мінезін талап етеді.

 

"Бізде бұл тек әйелдердің жұмысы деген стереотип бар, - дейді мейірбике Роза Нұрпейісова, немесе медициналық практикада қалыптасқандай – Роза Аманжолқызы. Сарвиназ оны дәл солай атайды, бірақ дауысында сәл толқумен: Роза Аманжолқызы – оның тәлімгері. Оны оқытып, кеңес беріп, көмек қажет болған кезде операцияларға қатысқан – осылайша, медколледжден келген көптеген қыздар тәжірибелі мейірбикелерге айналады, дегенмен де:

2019.05.13 О ПРОФЕССИИ МЕДСЕСТРЫ 8

"Егер шет елдерге қарайтын болсақ, онда хирургтың жанында мейірие болатынын көресіз. Мен, кейде, операциядағы жұмыс – бұл ерлердің ісі екеніне көз жеткіземін. Біріншіден, психологиялық тұрғыдан қиын. Екіншіден, ерлер техниканы жақсырақ біледі. Әсіресе, травматология мен жұлын нейрохирургиясы сияқты бейінді алатын болсақ: операция кезінде хирургтар ауыр, ерлердің құралдарын қолданады дер едім, мысалы, бұрауыштар, тістеуік, ара, балға, дрель".

Бірақ әзірге операциялық блокта мейіриелерден бикелер көбірек. Бұл мамандық тек бейімделуге ғана үйретіп қоймайды: әңгіме барысында жергілікті диалектінің мәнін түсіну үшін бірнеше рет тоқтатып, қайта сұрауға тура келді:

Сіз "жуындым" дедіңіз, бұл нені білдіреді? - Роза Аманжолқызына қойған сұрақ.

- Операцияға жуындым дегеніміз, бұл әрбір операция алдында қол тазартумен байланысты. Бұл біздің тіліміз, оны өзіміз ғана түсінеміз.

- Осылай бәрі түсінікті болуы керек, - дейді Сарвиназ, - бірақ бізде басқа да белгілер бар!

- Егер, мысалы, құрал түсіп кетсе - бұл шұғылдыққа, - деп толықтырады Роза Аманжолқызы, - оны жай көтере салуға болмайды: бұған дейін еденді үш рет қағып, "үйде отыр" деу керек. Тағы басқа қалыптасқан жағдай, егер науқас – медицина қызметкері болса, онда операция әдеттегідей сәтті болмайды. Әрине, мұның бәрі орындалмайды, бірақ хирургтардың өздерінде де бұған қатысты өз сенімдері бар".

2019.05.13 О ПРОФЕССИИ МЕДСЕСТРЫ 9

Роза Аманжолқызы жалғастырады, - Сарвиназ менің орыныма келгеннен бері, мен енді нейрохирургия бойынша операцияларға көп уақыт бөлетін болдым. Мұнда бізде операциялар ұзақ жүреді. Егер негізгі кезең әлі аяқталмаған болса, мен қаламын. Егер шаршасам, онда кезекші бике мені алмастыра алады – осы уақытта тамақ пен шай ішуге болады. Осылайша алмасамыз. Бірде таңғы сағат төртке дейін созылған операция болды. Нейрохирургтер мидағы ісікке транслабиринттік қолжетімділікті орындады. Таңғы сағат онда басталды. Кешкі бесте түскі ас үзілісі болды. Мен кеткен жоқпын, шұғыл жағдай болу мүмкіндігінен соңына дейін болдым".

"Мен нақты хирургияға тереңдегім келеді, - Сарвиназдың қызығушылығы мен жастық максимализмі қорқыныш пен кәсіптік қиындықтарды басып отыр, - операцияда жұмыс істей бастағаннан бері, мен өзімнің таңдауымды түсіндім, себебі маған мұның бәрі ұнайды. Технологиялар дамып жатқандықтан, роботталған хирургияға тереңдегім келеді".

 

 

Жастық пен оған тән ұмтылыс дегеніне жетеді деп айтуға болады ма? Өткен жылы Сарвиназ өзінің жиырма жасында Миланға оқуға аттанған Президенттік клиника докторларының құрамында болды. Онда оларды роботталған технологиядағы операциялардың теориясы мен тәжірибесін үйретті. Сарвиназдың айтуынша, хирург консольде, операциялық үстелден бірнеше метр қашықтықта отырғанда және роботтың қолдарын қашықтықтан басқарғанда, мейірбике болу ерекше жауапты.

2019.05.13 О ПРОФЕССИИ МЕДСЕСТРЫ 10

"Шын мәнінде робот аса сезімтал. Ешқандай күш салмастан, саусақ ұшымен сәл тигізгенде де қолыңның бағыты бойынша қозғала бастайды. Профессор Джидаро айтқандай, бұны танго биімен салыстыруға болады, сіздің қимылдарыңыз барынша жай, әрі жеңіл болуы керек, өйткені роботтың қимылдары – бұл тек хирург қолдарының қимылының көрінісі ғана".

2019.05.13 О ПРОФЕССИИ МЕДСЕСТРЫ 11

Құралдарға қатысты былай дейтін: оларды әйелге роза гүлін сыйлаған кездегідей жеңіл ұстаңыз. Бере салыңыз.

 

 

Бұл техника Сарвиназға, кез келген әйелге секілді белгілі. Біздің сұхбат алу күні ол құпия ғашық адамнан бір емес, раушан гүл шоғын алды. Туған күніне арналған сыйлық. Ол мерекелік күнге қарамастан, материалдарға толған арбаның гүрсілімен, операция алдындағы су шуы мен құралдар салдырымен бергі өтті: себебі бұл мамандыққа, біз бірнеше рет көз жеткізгеніміздей, жартылай берілуге болмайды. Оған өмірлерін арнайды.

2019.05.13 О ПРОФЕССИИ МЕДСЕСТРЫ 12