Басты бетПРЕЗИДЕНТТІК КЛИНИКАНЫҢ ДӘРІГЕРЛЕРІ ПЕТРОПАВЛДА ПАЦИЕНТТЕРДІ ТЕГІН ҚАБЫЛДАУДЫ ӨТКІЗЕДІ

ПРЕЗИДЕНТТІК КЛИНИКАНЫҢ ДӘРІГЕРЛЕРІ ПЕТРОПАВЛДА ПАЦИЕНТТЕРДІ ТЕГІН ҚАБЫЛДАУДЫ ӨТКІЗЕДІ

ПРЕЗИДЕНТТІК КЛИНИКАНЫҢ ДӘРІГЕРЛЕРІ ПЕТРОПАВЛДА ПАЦИЕНТТЕРДІ ТЕГІН ҚАБЫЛДАУДЫ ӨТКІЗЕДІ

"Менің сүйікті дәрігерім" акциясы 2019 жылдың 17 мамырынан бастап Петропавлдың Кардиологиялық орталығында өтеді.

 

Президенттік клиниканың докторлары тағы да Қазақстан өңірлеріне аттанады. Бұл жолы елдің солтүстігіне: мамыр айында Петропавлға барады. Қала тұрғындары ҚР ПІБ МО Ауруханасының жетекші мамандарынан тегін кеңес алып, өз жүрегіне қамқорлық жасай алады.

 

Тегін кеңес беру қаланың ересек тұрғындарына көрсетіледі. Сізді келесі мамандар күтеді:

1. КАРДИОХИРУРГ - Ыдырышева Арайгүл Кеңесханқызы

2. АРИТМОЛОГ - Смағұлов Шалқар Жұмағазыұлы

 

Қабылдау кезінде өзімен бірге келесі зерттеу нәтижелері болуы қажет:

1. Кардиохирург - ЭКГ, ЭхоКГ, ангиография болған жағдайда МРТ, КТ диск болуы міндетті.

2. Аритмолог - ЭКГ, ХМ ЭКГ, ЭхоКГ

 

Президенттік клиника мамандарының қабылдауы келесі мекен-жайда өтеді: Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігі Денсаулық сақтау басқармасының Кардиологиялық орталығы, Васильев көшесі 123, консультациялық-диагностикалық бөлімше, №1 және №2 кабинеттер.

 

Қабылдау кезек қағидаты бойынша жүргізіледі.