ҚР ПІБ Медициналық орталығы ауруханасының базасында а.ж. сәуірдің 22-26 күндері аралығында "Нейроанестезиология. Нейрохирургиялық науқастарды емдеу ерекшеліктері" тақырыбында медицина ғылымдарының кандидаты, С.М. Киров атындағы Әскери-медициналық академиясының, Ресей ТЖМ-нің А.М. Никифоров атындағы Бүкілресейлік шұғыл және радиациялық медицина орталығының анестезиология және реаниматология кафедрасының дәрігер-анестезиолог-реаниматологы Вера Ивановна Горбаньның қатысуымен мастер-класс өтеді.
2012-2013 жылдары №2 анестезиология және реанимация бөлімшесінің (жүйке жүйесінің аурулары мен жарақаттары) штаттарын іріктеуді және жинақтауды ұйымдастырды, жүйке жүйесінің аурулары мен жарақаттардан ауыр зардап шеккен, соның ішінде төтенше жағдайларда зардап шеккен пациенттерге медициналық көмек көрсетудің жоғары сапасы мен тиімділігін қамтамасыз ететін пікірлестер ұжымын құрды.
Озық медициналық жабдықтармен толық жабдықтаумен, мамандандырылған көмекке және нейрохирургия бейіні бойынша жоғары технологиялық медициналық көмек көрсету ерекшеліктеріне бағдарланумен медициналық қызметтің жаңа түрлері бойынша лицензиялаумен айналысты.
Ми қан айналымының жіті бұзылыстары бар науқастарға көмек көрсету бойынша жұмыс шеңберінде құрылған тамыр орталығының жұмысын ұйымдастыруға белсенді қатысты. В.И. Горбань бөлімше басшысы ретінде жүйке жүйесінің аурулары мен жарақаттары, травматология және ортопедия кезінде анестезиология және реанимация бағыты бойынша мамандандырылған және жоғары технологиялық медициналық көмек көрсетуді ұйымдастырды.
Соңғы үш жылда бөлімше ұжымы 4732 анестезиологиялық көмек түрлерін орындады, 80%-ы – жоғары күрделілік санатты - нейрохирургиялық, травматологиялық және ортопедиялық араласулар, соның ішінде ми және жұлынға араласулар кезінде. Реанимацияда 2500-ден астам пациент емделді, оның ішінде төтенше жағдайлар кезінде зардап шеккендер.
РФ Қорғаныс министрлігінің Ленинград әскери округі қолбасшысының, РФ ТЖМ-нің министрінің құрмет грамоталарымен, РФ ТЖМ-нің естелік медальдарымен марапатталған.