ҚР ПІБ Медициналық орталығы ауруханасының базасында а.ж. 17-19 сәуір аралығында дүниежүзілік аты бар хирург және травматолог доктор Рамон Кугатты шақыруымен "Тізе буынының жаппай тұрақсыздығы" тақырыбында мастер-класс өткізіледі.
Доктор Рамон Кугат испандық артроскопия қауымдастығын құрды, медицинаның ортопедия саласында өсу факторларын пайдаланудың негізін қалаушы болып табылады. Маманның көмегіне ең үздік еуропалық спортшылар, сондай-ақ көптеген әлемге танымал футбол командаларында ойнайтын футбол жұлдыздары жүгінеді. Атап айтқанда, "Барселона" ФК ойыншылары. Дәрігердің 49 жылдық тәжірибесі бар. Қазіргі кезде білікті маман Кирон медициналық орталығында жұмыс істейді.
Рамон Кугат буындардың микрохирургиясы саласындағы аз инвазиялық араласулардың қазіргі заманғы әдістемелерін меңгерген маман – ол келесі көрсетімдер бойынша артроскопиялық араласулардың барлық түрлерін жүргізеді:
-
Менисктердің зақымдануы;
-
Айқыш тәріздес байламдардың үзілуі;
-
Бурситтер, синовииттер;
-
Тізенің шығуы;
-
Артриттер, артроздар (коксартроз, гонартроз);
-
Гофф ауруы (май дененің гиперплазиясы);
-
Бұрын жүргізілген араласуларды түзету.
Бұдан басқа, Рамон Кугат ірі буындарды эндопротездеуді жүргізеді, дің жасушаларының көмегімен сынықтарды емдеу бағдарламаларына қатысады (эксперименттік медицина).
Сондай-ақ, Рамон Кугат медициналық тақырыптағы 102 жарияланымның авторы болып табылады және өзінің ғылыми жұмыстарын мамандандырылған медициналық басылымдарда жариялайды: Ортопедия International, ESSKA журналы, спорттық травматология журналы, артроскопия журналы.
Р. Кугат травматология және ортопедиялық хирургия мәселелерімен айналысатын түрлі халықаралық және еуропалық қауымдастықтар мен ұйымдардың құрметті мүшесі болып табылады: Артроскопия, тізе хирургиясы және ортопедиялық спорттық медицинаның халықаралық қауымдастығы, Америкалық ортопедиялық хирургия қауымдастығы, Еуропалық футбол қауымдастығы, Еуропалық спорт қауымдастығы, Тізе хирургиясы және артроскопия, Америкалық артроскопия қауымдастығының Құрметті мүшесі.
Рамон Кугат медицина ғылымының дамуына елеулі үлес қосқаны үшін халықаралық ұйымдардың сыйақылары мен марапаттарының иегері болып табылады.