HomepageҚазақстан Республикасы Президентінің Іс басқармасы Медициналық орталығының ауруханасына қош келді...

Қазақстан Республикасы Президентінің Іс басқармасы Медициналық орталығының ауруханасына қош келдіңіздер

Қазақстан Республикасы Президентінің Іс басқармасы Медициналық орталығының ауруханасы Сіздерді қарсы алады.

Қазақстан Республикасы Президентінің Іс басқармасы Медициналық орталығының ауруханасы - 9 хирургиялық және 9 терапиялық бейін бойынша медициналық қызметтің толық спектрін көрсететін көпбейінді клиника.

Біздің Аурухананың ерекшелігі - жоғары білікті мамандардың пациенттердің профилактикасы мен диагностикасы, емдеу, оңалту саласында ең озық әрі инновациялық әдістерді қолдануы. Аурухананың соңғы буындағы медициналық жабдықпен жарақтандырылуы бірегей диагностикалық және емдік манипуляциялардың толық спектрін жүргізуге мүмкіндік береді.

2016 жылдан бастап Аурухана денсаулық сақтау саласындағы алтын стандарт болып табылатын, мінсіз менеджментті, көрсетілетін қызметтердің жоғары сапасы мен қауіпсіздігін айғақтайтын JCI халықаралық аккредитациясын төрт рет растады.

Біздің клиникаға қалай жүгінуге болады?

Медициналық қызметке өтінім жүгіну тәсіліне қарамастан қабылданады:

1. Телефон қоңырауы:

Call орталығы: 7071, +7 701 534 95 88, +7 (7172) 70-80-90 немесе Халықаралық ынтымастық және медициналық туризм бөлімі: + 7 (7172) 70-80-14, + 7 (7172) 70-79-98, + 7 (7172) 70-87- 47,+ 7 (7172) 70-79-99 ,+ 7 (7172) 70-71-13, + 7 (7172) 70-73-72.

Электрондық пошта: international@bmc.mcudp.kz

2. Біздің мамандар клиницистермен бірлесіп сұраухатты жедел өңдейді, қажет болған жағдайда қосымша ақпарат сұратады.

3. 24 сағат ішінде пациентке емдеу ұзақтығы мен емдеуге жұмсалатын болжамды шығыс көрсетілген алдын ала емдеу жоспары жіберіледі.

4. Пациент келіскен жағдайда қажетті шақыру ресімделеді, қосымша ақпарат:

  • визалық қолдау қажеттілігі;

  • көлік қажеттілігі;

  • тұрғынжайдағы қажеттілік және басқа да қажеттіліктер нақтыланады.


«Қазақстан Республикасы Президентінің Іс Басқармасы Медициналық орталығының ауруханасы» РМК-да Қазақстан Республикасының бейрезиденттеріне көрсетілетін ақылы медициналық қызметтер прейскуранты

Фото бмц

Шетелдік пациенттердің оқиғалары

ПАЦИЕНТТІҢ ОҚИҒАСЫ: СТЕФАНО РАЙМОНДИ (ШВЕЙЦАРИЯ)

Стефано Раймонди Президенттік клиниканың дәрігерлеріне тізесінің қатты ауыруына байланысты жүгінген еді, нәтижесінде ол ескі жарақатынан бөлек басқа да ауруларын емдеп алуды жөн көрді. Ауруханаға жатқаннан кейін үшінші күні ол мұрнындағы полиптерді емдеуді ұйғарып, лор дәрігеріне жүгінеді. Нәтижесінде, ол бір аптасын Травматология, ортопедия және көз микрохирургиясы бөлімшесінде өткізсе, ал келесі аптада оны Оториноларингология және нейрохирургия бөлімшесіне орналастырды. Президенттік клиниканың дәрігерлері тізе буынын ауыстырудың балама әдісін ұсынды, сонымен қатар тыныс алуға қатысты мәселесін шешіп берді

2019.06.07 СТЕФАНО РАЙМОНДИ 1

Стефано Раймондидің оқиғасымен толығырақ мына сілтеме арқылы өтіп танысуға болады: https://moa.qr-pib.kz/p/10073

ПАЦИЕНТТІҢ ОҚИҒАСЫ: МАХФУДА – АЛЬ – АМРИ (ОМАН)

Махфуд аль Амри әлемнің әртүрлі ауруханалары, оның ішінде Президенттік клиникадан да консультация алады, нәтижесінде ол операция жасату үшін осында келеді. Тізесінің ауырсынуы тізе буынының зақымдануына байланысты болған екен. Президенттік клиниканың дәрігерлері травматологиядағы ең аз жарақатты операциялардың бірі болып саналатын тізе буынына артроскопия жасауды ұсынды. Аталған емшара

буынды толығымен сақтап қалуға, сондай-ақ протездеуді кейінге шегеруге мүмкіндік

2018.12.26 МЕДИЦИНСКИЕ ТУРИСТЫ 4

Махфуды аль Амридің оқиғасымен толығырақ мына сілтеме арқылы өтіп танысуға болады: https://moa.qr-pib.kz/p/9840